Алматыда қандай көліктер жүреді
Алматыда автокөліктің орташа жасы 12 жасты құрайды. LS тілшісі қала тұрғындарының қандай көліктермен жүретінін анықтады.
Полиция департаментінің LS-ке берген ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесіне 648,2 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2019 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 21,2%-ға көп.
Мегаполисте үш жасқа дейінгі 93,1 мың машина тіркелген, бұл 14,3% (2019 жылы – 7,3%). Үш жылдан жеті жылға дейін – 99,9 мың автокөлік немесе 15,4% (2019 жылы – 22%). Жетіден 20 жасқа дейін – 239,2 мың авто немесе 37% (2019 жылы – 35,5%). 20 жылдан асқан – 215,8 мың авто немесе 33,3% (2019 жылы – 35,4%).
Полиция департаментінде атап өткендей, соңғы екі жылда мегаполистегі автокөліктердің орташа жасы 12 жасты құрайды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 13 жылға тең болды.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда ескі көліктердің саны күрт өскенін хабарлаған болатын.
Related Post
13.052026
Душа и форма наизнанку: Как помочь ученикам раскрыться
С началом пандемии образование для школьников изменило свой формат: ученики были вынуждены пров ...
Read More
09.052026
7 сервисов по аренде выпускных платьев в Алматы
Собрали семь сервисов в Алматы, которые помогут подготовиться к важному событию — выпускному, в ...
Read More