Президент жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берді

Әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.

"Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы "Ердің туы – намыс" деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін. Әскери шен алу – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов "Атақты алғаннан гөрі, оны арқалап жүрген қиын" деген. Әйгілі қолбасшының бұл сөзі сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар", – деді Мемлекет басшысы.

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер әскери институты:

  • Асылбеков Иманжүсіп Асылбекұлы;
  • Алпысбаев Бауыржан Ақылжанұлы;

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:

  • Дайырбай Бекжан Мұратұлы;
  • Омаров Диас Бейсенгелдіұлы;

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

  • Төтен Ернұр Жанатұлы;
  • ҚР ҰҚК Академиясы:
  • Жұмабек Нұрахмет Шаяхметұлы;

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы:

  • Жанатбай Санжар Жандарұлы;
  • Сорокина Александра Максимовна;
  • ҚР Ұлттық ұлан академиясы:
  • Ағыбаев Тимур Бауыржанұлы;
  • Жеңіс Жалғас Төлегенұлы;

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

  • Жігербаев Ернар Азаматұлы;
  • Еркенов Диас Серікұлы.

Сурет: akorda.kz

Совместную декларацию приняли по итогам саммита «Центральная Азия – Италия» 30.05
2025

Совместную декларацию приняли по итогам саммита «Центральная Азия – Италия»

30 мая 2025 года Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в Астане принял Председателя Совета Министров Ит ...

Read More
Казахстан и Руанда выходят на новый уровень партнерства 28.05
2025

Казахстан и Руанда выходят на новый уровень партнерства

Глава государства провел встречу с президентом Руанды Полем Кагаме в расширенном формате, передает Liter.kz. Глава госу ...

Read More

TOP

В мире

В стране