Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан кәмлетке толмағандарды "түзету мектебіне" жіберді

Құқық бұзушыларды арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.

Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қарау қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды".

Бұл шешімнің мақсаты — түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу.

"Отбасылық ортаға ерекше назар аударылды. Үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім қабылданды", — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді. Кәмелетке толмағандар арнайы мектепте қанша уақыт болатынын сот шешеді.

Сурет: ашық дереккөздерден

Трехсторонняя комиссия усилит профилактику трудовых рисков 30.12
2025

Трехсторонняя комиссия усилит профилактику трудовых рисков

Несмотря на общее снижение показателей, в ряде отраслей и регионов сохраняются системные риски, требующие усил ...

Read More
Казахстанец включён в атлетическую комиссию Ассоциации исламской солидарности 07.11
2025

Казахстанец включён в атлетическую комиссию Ассоциации исламской солидарности

В голосовании принимали участие спортсмены, делегированные каждым НОК Казахстанский спортсмен, член национальной ...

Read More