Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады

10.10.2026 09:22 · Интересное

Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті. Ерлі-зайыптылардың жеке өмірі мен отбасылық қарым-қатынасқа қатысты ашық әңгімелері кейбір желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Әсіресе олардың тікелей эфирлерде қозғайтын тақырыптары сынға ұшыраған. Пікір білдірушілер мұндай контентті кәмелетке толмаған балалар да көретінін айтып, әлеуметтік желіде белгілі бір әдеп нормалары сақталуы керектігін алға тартқан.

“Мұндай видеоларды балалар да көреді”, “Отбасының жеке өмірін көпшілікке жариялаудың қажеті қанша?”, “Хайп үшін шектен шықпау керек” деген сарындағы пікірлер айтылуда.

Кейбір қолданушылар мұндай эфирлерге шектеу қою қажет деп есептесе, енді бірі әлеуметтік желіде қандай тақырыпты талқылау әр адамның жеке таңдауы екенін алға тартады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Источник: Qazaq Today · Дана Нартаева