Қазақстанда баспана бағасы төмендеді
Бір ай ішінде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 0,3%-ға, ал жалдау ақысы 1,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды LS.
Ал бастапқы тұрғын үй бағасы, керісінше, 0,7%-ға өсіп, мамыр айында бір шаршы метрінің орташа құны Қазақстан бойынша 521,6 мың теңгені құрады.
2024 жылдың мамырымен салыстырғанда, бастапқы тұрғын үйдің бағасы 8,7%-ға артқан.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең жоғары баға Павлодар қаласында тіркелген – 22,6%-ға өсіп, бір шаршы метрі 423 мың теңгеге жетті. Алматыда – 12,7%-ға (633,2 мың теңге), Шымкентте – 10,9%-ға (478,6 мың теңге) өскен.
Астанада жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 596,4 мың теңге, бұл- жылдық өсім бойынша 7,3%.
Екінші нарықтағы пәтер бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 6,3%-ға өсіп, бір шаршы метрі 541,8 мың теңгені құрады.
Актобеде екінші деңгейлі тұрғын үй 17,6%-ға (341,8 мың теңге), Павлодарда – 13,3%-ға (419,6 мың теңге), Атырауда – 12,7%-ға (482,7 мың теңгеге) қымбаттаған.
Астанада қайта сатылатын пәтерлер 2,2%-ға (646,6 мың теңге), Алматыда – 12,9%-ға (658,2 мың теңге), Шымкентте – 2,8%-ға (440 мың теңге) өскен.
Ал Өскеменге керісінше, пәтер бағасы 3,4%-ға төмендеп, 372,9 мың теңгені құраса, Қарағандыда – 0,8%-ға азайып, 386,1 мың теңгеге дейін түскен.
Жалдамалы тұрғын үйдің бағасы бір жыл ішінде 9,4%-ға өсіп, елімізде бір шаршы метрінің орташа құны 4,5 мың теңгеге дейін жетті.
Жалға берілетін тұрғын үй бағасының ең жоғары өсімі Актобеде – 27,6%, Семейде – 22,2% және Көкшетауда – 21,6% тіркелді.
Алматыда жалдау ақысы жылына 2,2%-ға өсіп, 5,2 мың теңгені құраса, Шымкентте – 9,9%-ға (3,8 мың теңге), елордада – 21,5%-ға (5 мың теңге) өскен.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйге кететін шығындар мен ипотекалық мөлшерлемелер арасындағы айырмашылықты инфографика түрінде ұсынған болатын.
Related Post
2025
Ипотека бағасы бойынша Қазақстан көш басында
Қазақстанда пәтер жалдау Қытаймен салыстырғанда қымбатырақ, алайда Өзбекстанмен салыстырғанда арзанырақ, деп хабарла ...
Read More2025
Қазақстан шетелдік макаронға тәуелді болды
Қазақстанда макарон өндірісі артып жатқанымен, шетелден келетін өнім көлемі де айтарлықтай өсуде, деп хабарлайды LS. ...
Read More