Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды
Студент полицияға жүгініп, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлады.
21 жастағы 4-курс студенті полицияға жүгініп, осы жылдың көктемінде алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеді.
Аз таныс ер адам оған АҚШ-қа виза рәсімдеуде көмек көрсетемін деп уәде беріп, 199 300 теңге алған соң, байланысқа шықпай қойған.
" Абай облысы полициясының жедел жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты" — делінген ресми хабарламада.
Аталған факті бойынша алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ресми құжаттары немесе лицензиясы жоқ, аз таныс адамдарға сенбеңіздер. Визалық қолдау қызметін ұсынатын жеке тұлғалар немесе компаниялардың беделін мұқият тексеру маңызды. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз", — деп полиция қызметкерлері халықты тағы бір мәрте ескертеді.
Сурет: ашық дереккөздерден
Related Post
03.122025
Мужчина бился лицом о стену в полиции Петропавловска (ВИДЕО)
43-летнего жителя Петропавловска готовят к направлению на принудительное лечение от алкогольной зависимости. В на ...
Read More
03.122025
Оперативность СОБР помогла спасти жизнь жителю Алматы
Сотрудники специального отряда быстрого реагирования департамента полиции Алматы предотвратили гибель мужчины, ко ...
Read More