Бензин бағасы қымбаттауда
АИ-92 маркалы бензин ақпан айының соңына қарай 4 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды LS редакциясы Қазақстанның мұнай өнімдері қауымдастығына (ҚМҚ) сілтеме жасап.
ҚМҚ мәліметінше, бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу тоқтатылғаннан кейін, 1 ақпаннан бастап көтерме жеткізушілер бағаны өсірген. Олардың ішінде KC Energy Group және ҚазМұнайГаз компаниялары да бар. Қауымдастықтың айтуынша, бұл екі компания жанар-жағармай нарығының 80%-ын бақылауда ұстайды.
"Ақпан айындағы жанар-жағармай көлемін бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер көтерме бағада қымбат сатып алып жатыр. Дизель отыны мен АИ-92 бензинінің көтерме бағасы орта есеппен литріне 4 теңгеге өсті. Демек, ақпан айының соңына қарай, бұрынғы бағамен сатып алынған қор көлеміне байланысты, жанар-жағармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге қымбаттайды. Бұл ретте, қосылған 4 теңгенің 80%-ы, яғни 3 теңгесі акциз түрінде мемлекеттік бюджетке аударылады", – деп түсіндірді қауымдастық өкілдері.
Бұған дейін, сарапшы Олжас Байділдинов LS-ке берген пікірінде Қазақстанда бензин бағасының біртіндеп қымбаттайтынын айтқан болатын. Бұл болжамды вице-премьер Қанат Бозымбаев та растады.
Related Post
2025
Ипотека бағасы бойынша Қазақстан көш басында
Қазақстанда пәтер жалдау Қытаймен салыстырғанда қымбатырақ, алайда Өзбекстанмен салыстырғанда арзанырақ, деп хабарла ...
Read More2025
Казахстанский АИ-92 отправился на экспорт
Казахстан сможет экспортировать до 40 тыс. тонн бензина в этом месяце. Данную информацию LS подтвердили в ...
Read More